Биологиялық қару…

Блог - berkut: Биологиялық қару…Мына қызықты қараңыз: Батыс ғалымдары сүндеттеудің пайдасы туралы ғаламат жаңалық ашып жатыр. Айтуларынша дер кезінде үшкіртіп алған насыбай көптеген инфекциялық аурулардан сақтайды екен. Тіптен Америка мен Австралия педиатрлары тізе қосып, ел үкіметіне 99 түрлі екпемен қатар насыбай кесуді міндеттеу туралы хат тапсырыпты деген сыбыс бар. Брайан Моррис атты бір профессордың сүндетке отырғызылмаған балалардың тең жартысы түрлі инфекциялық ауруға шалдығады деген оқыс мәлімдемесі бір аптадан бері батыс басылымдарында «хит» болып тұр.

Блог - berkut: Биологиялық қару…Бірақ айтпағым бұл емес. Бүгінде тәнге шипа делінген дәрі-дәрмектің пайдасымен қатар 99 түрлі зияны бар болып шықты. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздайды. Салып ұрып дәріханаға барамыз. Күлімдеп тұрып саудасын жасайтын дәріханашының берген дәрілерін уыс-уысымен ішіп жатып, құлан-таза сауығып кетеміз. Есесіне басқа ағзамыз зақымдалып жатады. Әсіресе, бүйрек, бауыр, асқазан секілді аса сезімтал мүшелер қатты зақым көреді екен. Жұрттың бәрі біледі: «кетонал» деген керемет таблетка бар. Ауруды басып, тыныштандырады. Бірақ сол дәріге үйір болғандардың көбі алпысқа толмай ақылынан алжасады екен. Бір сөзбен айтқанда жасына жетпей алжуға алып келеді. «Аналгин», «парацетамол» деген дәрілер де дәл осындай кешірек жарылатын биологиялық бомбаның бірі. Қызу түсіретін, бас ауруын жазатын қасиеті бар. Есесіне аса жұқпалы ин­фекциялық ауруларға қарсы иммунологиялық қасиеттен жұрдай етеді. Осыған байланысты әлем­нің 39 елінде тіркеуден алын­ып тасталыпты. Ал бізде күнде ішеміз. «Пара­цетамол», «солпадеин», «юниспаз», «антиспазм» және «пенталгин-п» сынды дәрілер деосындай қауіпті топқа жатады. Құрамында кодейн (апиын (мак) өсімдігінен алынады – ред.) атты есірткі тектес зат бар екен. Ебін тапқандар пенталгин мен бензинді араластыра отырып, өте күшті наша түрін дайындап шығарады екен. Әсері героиннен еш кем түспейтін, бірақ құны ондаған есе арзан, әрі жасалуы оңай бұл есірткі түрі «қолтырауын» (дезоморфин) деген атпен елге танымал болған дейді мамандар. Оған тәуелді болған адам бар-жоғы бір-екі жыл ғана өмір сүреді екен. Адамның ағзасын шірітіп жібереді. Қазір еліміздегі әрбір төртінші нашақор осы «қолтырауынға» тәуелді болып үлгерген.

Сөз жоқ медицина дамып келеді. Бірақ есесіне өлім-жітім де өкшелеп келеді. Кезіндегі адамзатты айран-асыр еткен жаңалықтың көбі бүгінде адамзат атаулының жауына айналып үлгерді. Мысалға кезінде талай сықымның тұсауын шешіп, ләзәт (кайфтың қазақшасы осылай ма еді?) иіріміне емін-еркін сүңгуіне мүмкіндік берген контрацептивті таблеткаларды алып көруге болады. Жүктіліктен сақтандыра­тын бұл дәрілер бүгінде ұрпақ санын күрт қысқаруы мен жаппай бедеулікке алып келді.

Әсіресе, вакцина (екпе) мәселесі. Осыдан бес-алты жыл бұрын «әртүрлі вакциналардың арқасында жылына әлем бойынша 3 миллиондай сәби ажал тырнағынан аман қалып, тағы 750 мыңдайы мүгедек болу қаупінен арылады екен. Сондай-ақ тағы 3 миллион сәби қазіргі таңда вакцинасы табылмаған түрлі жұқ­палы аурулардан көз жұмады», – деп сарнайтын мамандар бүгінде пікірін өзгерте бастады. Пайдасынан гөрі зияны басым деуге көшті. Сенбейін десең, үстін тоқсан тоғыз түрлі ұлт мекен еткен Еуропа атты алып материкті оба, шешек, күл дейсіз неше түрлі ауру жайлап жатқанда суық тию мен ыстық ұрудан басқа ауру болмаған қазақтың кейінгі жылдары қаны бозарып, ешкімге ұқсамайтын қасиеті сұйылып сала берді. Білетіндер мұны сонау алпысыншы жылдары келіп кірген «екпе» деген бәленің салдары дейді. Бәлкім рас та шығар, топырлатып егуін ексек те ауру атаулыны алып ұрып, салауатын сақтап отырған ешбір елді көріп отырған жоқпыз. Керісінше, ауру атаулының бірі бәсеңдесе, бірі күшейіп ырыққа көнбейтін болды. Адамзат қоғамына адамның өңі түгілі түсіне де енбеген дерт дендеп, дүние есігін ашпай жатып неше түрлі ауруға ұрынып жатқан сәбилердің қарасы да көбейіп барады.

Бүгінде елімізде бала бір жасқа толғанша он төрт түрлі, ал елу жасқа дейін 21 түрлі екпе салынады екен. Ауызға тамызады, санға, білекке, башпайға егіледі. Тағысын тағылар. Соның бірі – 1921 жылы француз микробиологы Альбер Кальметт пен ветеринар Камиль Герен ойлап тапқан БЦЖ туберкулезге қарсы екпесі. Қазіргі таңда бұл вакцина жаңа туылған нәрестелерге алғашқы 3-4-інші күнінде егіледі. Негізінен, қауіпсіз және туберкулез ауруына қарсы жалғыз амал ретінде танылғанымен, аталмыш екпенің артында құпия көп. Сол жылдары осы вакцина салынған 240 нәрестенің барлығы да туберкулез ауруына шалдығып, 77-сі шетінеп кетен екен.

Блог - berkut: Биологиялық қару…Өкініштісі, мұндай жайттар қазір де тіркеліп жатыр. Мәселен, 1997 жылы Жаңатас қаласында 153 бала вакцинадан зиян шеккен. Олардың екеуі артық мөлшерде берілген дәріден қаза тапқаны белгілі. Сондай-ақ 2004 жылы Сербияда жасалған вакцинаның салдарынан елімізде 100-ден астам нәресте лимфаденит ауруына шалдығып, көбі осы вакцинадан соң операция жасалып, аса ауыр антибиотиктермен емделуге мәжбүр болған еді. 2009 жылы да көктем кезінде Ақтау қаласында қазіргі қолданылып жүрген жапондық БЦЖ екпесі салынған 4 сәби тубостит (сүйек туберкулезі) ауруына ұшыраған екен. Осындай жағдайлардан соң АҚШ, Голландия, Ұлыбритания, Германия секілді бірқатар батыс елдерінде БЦЖ вакцинасын байқап пайдаланатын болған.

Тағы бір мысал туберкулезге қарсы екпе салудан алдына жан салмайтын мемлекет бола тұра Ресей өкпе ауруы жағынан әлем бойынша көш бастап тұр. «Біз де Ресейден қалыс қалып отырған жоқпыз. Сәби атаулыға перзентханадан шықпай жатып екпе саламыз. Алайда соған қарамастан, Азия мемлекеттері арасында туберкулез ауруы бойынша алдыңғы орында тұр екенбіз.

Ал екпенің құрамы тіптен сұмдық: Иерусалимдегі атақты Еврей университетінде докторлығын қорғаған бір ресейлік ғалым, имунолог Александр Коток өзінің «Безпощадная иммунизация» деген кітабында былай деп жазады: «Вакциналардың тиімділігі 50 пайыздан аспайды деп шамалауға болады. Екпе табиғи иммунитетті бұзады. Екпе салғаннан кейін де балалардың ауырып немесе басқа да ауруларға душар болатыны осыны көрсетеді. Вакциналар жоғары токсинді болып саналады, олардың құрамына фенол, формальдегид, тимеросал немесе мертиолят (сынаптың қоспасы), ашытқылар, алюминий фосфаты, ацетон, глицерин, шошқа немесе жылқы қанының компоненттері, сиыр желінінен алынған ірің, қоянның ми тіндері, иттің бүйрек тіндері, тауық немесе үйрек жұмыртқалары ақ уызы және басқалар кіреді. Бүгінде заманауи технология таза вакцина жасауға мүмкіндігіміз жоқ». Осыдан кейін ойланбай көріңіз.

Ең сорақысы, кез келген екпенің арты бедеулікке, тіпті бүтіндей бір ұлттың жойылып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін көрінеді. Бұл пікірді де маман пікірімен түйіндейік: сыдан бірнеше жыл бұрын отандық телеарналардың бірі медицина ғылымдарының докторы, акушер-гинеколог Қайша Сейітжанованың сұхбатын көрсеткен еді. Қырық жыл бойы қояндарға тәжірибе жасаған мамандар талай сырға қанық болыпты. «Біз қазіргі таңда балаларға егіліп жатқан АКДС вакцинасын халықаралық денсаулық сақтау ұйымы бекіткен ереже бойынша көжектерге егіп отырдық. Сол қояндардың ұрпақтары төртінші, бесінші буыннан кейін ұрпақ әкелуге жарамсыз болып қалды. Барлығы іші-нен қан кетіп, өліп қалды. Қазіргі қаптап бара жатқан бедеулік пен белсіздіктің барлығы – осы вакциналардың әсерінен болып жатыр», – деген болатын.

Тақырыпқа тұздық:

Өткен жылы Павлодар облысына қарасты Майқайың ауылында жатыр мойнының қатерлі ісігіне (Папиллома вирусы екпесі) қарсы жаппай вакцина егу жұмыстарынан кейін бірден үш қыз есінен танып артынша жағдайы күрт нашарлап жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан болатын. Папиллома демекші, батыс ғалымдары екпенің бұл түріне мүлдем қарсы болып жатыр. Осы дерек әсер еткен болар осыдан үш жыл бұрын Кезінде Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова аты мен заты күдікті екпеге қатысты сараптамалардың жалпы жұртқа жария болуын өтініп, Премьер-министрге депутаттық сауал да жолдаған болатын. Артынша Мәжіліс төрінде «АҚШ-та осыған ұқсас екпе жасағаннан кейін бірден 93 адамның көз жұмғанын білеміз. Тағы 22 мың адам ауруға ұшырап, жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Осыдан кейін АҚШ үкіметі аталмыш екпеге біржолата тоқтау салды. Ал бізде неге осындай қауіп-қатерлер жайында еш жерде айтылмайды? Керек болса, бағдарламада да қыз балалардың денсаулығына жағымсыз әсерлердің болуы мүмкіндігі туралы ешқандай ақпарат жоқ. Болуы мүмкін қауіп-қатерлерге талдау жасалмай жатып, бір ғана министрліктің ешкіммен келіспей жатып шешім қабылдай салуын балалардың қамын ойлап отырған іс емес, қарапайым «маркетингтік қадам», немесе балаларға жасырын түрде экспримент жүргізіліп жатқан жоқ па деп ойлауға мәжбүрлейді», – деп Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековаға жүргізілген сынақтар мен сараптаулардың қорытындысы мен адам өміріне қауіпсіздігін растайтын дәйек әкелуін талап еткен болатын. Сол жолы депутат сөзіне дәйек ретінде қоса, АҚШ-тың Азық түлік өнімдері мен дәрілерді бағалау басқармасының қандайда болмасын ашытқы түріне аллергиясы бар әйелдердің гардасилді қабылдауына болмайтыны туралы ресми ескертпесін де келтірген-тін. «Біздің елімізде азаматтардың кез-келген медициналық қатысуға өз еріктерімен келісуге немесе келіспеуіне құқығы бар екеніне заң жүзінде кепілдік беріледі. Іс жүзінде бұл құқық әрдайым бұзылумен келеді. Бұған мысал – көптеген егу науқандары кезінде екпенің құрамы немесе ықтимал болуы мүмкін асқынулар туралы білу іс жүзінде мүмкін емес. Толық және ұзақ мерзімді зерттеулердің нәтижелерін алғанша, Франция және бірқатар еуропалық елдердегі сияқты гардасил және цервариксті жарнамалауға тыйым салу керек. Жұртшылықты тарта отырып екпенің қысқа және ұзақ мерзімдегі салдарлары бойынша мониторинг жүргізетін арнайы қызмет құру қажет. Заңнамада белгіленген мерзім ішінде жауап берулеріңізді сұраймыз», – деген еді. Алайда содан бері екі жылға жуық уақыт өтіпті. Жауап жоқ әлі.

Құрамында ашытқыдан басқа алюминий, хлорлы натрий, полисобрат және натрий тетрабораты (буру) сияқты компоненттер бар. Сол алюминий жүйке және иммундық жүйелерге кері әсерін тигізіп, Альцгеймер ауруының дамуына себепші болады. Сондай-ақ сал, аутизм, паралич секілді ауруларға әкеліп соғады. Ал Бура элементі мен гербицидтер және жууға арналған құралдар өндірісіне пайдаланылады. Ең сорақысы, гардасилдің 21 мыңнан астам кері әсері бар. Бұл туралы қарапайым жұрт ештеңе білмейді.
Ғаламтор бетін ақтарып отырып бұдан да қорқынышты деректерге тап болдық. Мәселен, гардасил өндіретін «Merck» фармацевтикалық компаниясы сынақ жүргізген уақытта қатысушылардың 73 пайызының жаңа ауру түрлерін тапқаны анықталған көрінеді. Өкінішке қарай, бұл деректер басында көпшіліктен құпия ұсталыпты. Тек АҚШ Конгресі араласқан соң ғана мәселенің беті ашылған. Бүгінде АҚШ, Испания, Австралия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландияда гардасил екпесінен кейінгі адам өлімі оқиғаларын қоспаған күннің өзінде қояншық, тырысқақ, ұмытшақтық, жүрек ақауы секілді аурулар тіркелген екен.
Әрі қарай

Бекболат Тілеуханның жеке сайты іске қосылды


Белгілі жырау, қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның жеке сайты ашылды. Сайтқа www.btleuhan.kz адресі бойынша өтуге болады.
Сайттың мақсаты – Бекболат Тілеуханды жарнамалау емес. Мақсатымыз – Алашқа үлгі болып жүрген Бекболаттай азаматтарды қалқан ете отырып биік мінберге халықтың ойын, мұң-мұқтажын жеткізу. Жеке ел болып, етек-жеңімізді жинадық дегенмен, әлі де шешімін таппаған мәселе көп. Ол кісінің Парламент Мәжілісінің депутаты болып тұрған кезінде көтерген оқулық сапасы, ұлт намысы, ұлт болашағы, тіл, руханият, ұрпақ мәселесі әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Қала берді қара қазақты қара шаңырағына оралту мәселесі тағы бар. Тоқырап қалған қазақтың көшін жандандыру мәселесі тағысын, тағылар…

Оның үстіне жұрт арасында қайраткеріміз жайында алып-қашпа әңгімелер де көп. Ақиқаты қайсы, жаласы қайсы ешкім бас қатырып жатпайды.Бір жағынан алып-қашпа сыбыстардың рас-өтірігін Қанайұлының өз ауызынан естиік деген мақсат та жоқ емес.

Оқыңыз, зер салыңыз. Ашық сауал қойып, Алаштың азаматымен рухани байланыста болыңыз. Тілектес қана емес, үлестес, болғайсыз, Құрметті оқырман!
Әрі қарай

Лондон олимпиадасы туралы мистикалық аңыздардың астарында не бар?

Енді 17 күннен кейін (шілденің 27-сі) әлемдік деңгейдегі үлкен спорт додасы – Лондон олимпиадасы шымылдығын түреді. Ағылшын жерінде өтетін жазғы Олимпиадаға дүниежүзі бойынша он жарым мыңнан астам спортшы қатыспақшы. Барлығы 39 спорт түрінен 302 медаль жиынтығы сарапқа салынатын байрақты бәсекеге атақты палуанымыз Нұрмахан Тінәлиев бастаған 114 спортшымыз аттанғалы отыр. Бірақ біздің айтпағымыз басқа мәселе…

Соңғы кездері Лондон олимпиадасына қатысты аңызға бергісіз мистикалық әңгімелер көп айтылып жүр. Әсіресе тосын табиғат құбылыстары мен астрономиялық түсініксіз жайттар туралы әпсана көп. Дәл осы байрақты бәсеке қарсаңында жұмыр жердің халқы магнитті дауылдар, аспан әлеміндегі жұмбақ шұғыла-сәулелер секілді адам түсініп болмайтын жайттарға куә болатын секілді. Осыдан тура бір жыл бұрын «Утро.ру» сайты астрономдардың «күн белсенділігінің күрт артқанын соның салдарынан күн тәжінен бөлінген магнитті дауылдардың кесірінен жер бетіндегі күллі ақпараттық жүйе істен шығуы мүмкін. Бұл өркениет атаулыға үлкен соққы болады!» деген дабылын жариялаған болатын. Ең қызығы, магнитті дауылдар шабуылының ең белсенді кезеңі 2012 жылы Лондон қаласында өтетін жазғы Олимпиадамен тұспа-тұс келетін секілді. Осының салдарынан күллі компьютерлік жүйеге зиян келіп, спутниктер біраз уақытқа хабар тарата алмай қалмақ. Осылайша адамзат баласы олимпиада ойындарының тікелей көрсетілімін көре алмай қалуы бек мүмкін», – деп жорамал жасады. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа сай келетінін уақыт көрсете жатар.

Ал енді аспан әлеміндегі жұмбақ шұғыла-сәулелерге қарай ойыссақ. Кейбір ғалымдар бұны магнитті дауылдардың әсерінен болатын табиғат құбылысы деп түсіндіріп отыр. Астрономдар дәл спорт додасы қарсаңында болмаса да осы жылдың қыс мезгілінде күн бетінен бөлініп шыққан магнитті дауылдар салдарынан ғаламшарымыз түгелге жуық поляр шұғыласына оранады дейді. Дегенмен, жер бетінің көп бөлігі магнитті дауылдар шабуылына қарсы жүйемен жабдықталғанын да естен шығармаумыз қажет. Ал бұндай жүйе орнатыла қоймаған жердің оңтүстік және солтүстік полюс халқы бірнеше апта бойы ғасыр ғажайыбына куә болатын секілді. Алайда бұндай ғажайыптан алған әсерлерін адамдар жердің басқа нүктесіндегі туысқандарымен бөлісе алмайды. «Өйткені, дәл сол уақытта жердің оңтүстік және солтүстік полюсінде бірнеше апта бойы интернет торабы мен спутникті байланыс жүйесі істен шығады», – дейді астроном ғалымдар. Айтпақшы, «ақырзаман – 2012» дақпырты тағы бар. Бұл туралы сөз қозғамай-ақ қоялық.

Алайда соңғы кездері бұдан да күдікті әрі қорқынышты жайттар айтыла бастады. Ғаламтор бетінде Лондон олимпиадасының бойтұмарларына қатысты пікір талас өршіп-ақ тұр. Әдетте спорт тарихында олимпиада символы ретінде жануарлар таңдалып алынады. Соның ішінде адамға ерекше әсер сыйлайтын барыс, дельфин, қонжық секілді сүйкімді жануарлар болады. Ал бұл олимпиаданың символы – Венлок пен Мандевиль – мүлдем оғаш тіршілік иесі. Мифтик бейне деуге де келмейді. Құбыжық деуге болады. Бірі басында пирамида (!) тәріздес тәж, екіншісі қамал бейнесіндегі бас киім киген жалғыз көзді қос бейне. Көзі қарақты оқырман пирамида мен 13 қатардан тұратын қамалдың «әлемдік үкімет» деп аталатын құпия ұйым – масондардың белгісі екенін жақсы түйсінеді. Ендеше бұндай масондық белгілердің әлемдік деңгейдегі бәсеке – олимпиадаға қандай қатысы болуы мүмкін. Әрі жалғыз көзді қос тажалдың атауының өзі – күдікті көрінді. Ғаламторды ақтарып отырып, Wenlock сөзінің «шіркеудің әулие-әнбиесi, жебеушісі», ал «mandevil-дің» көне француз сөзінен алғанда – «ұлы қала» немесе үлкен оқиға болатын аймақ және жасырын уақыт деген мағына беретінін көріп жағамызды ұстадық.

Олимпиаданың логотипындағы «2012» санының да цифрдан гөрі «Zion» сөзіне қатты ұқсайтыны кезінде үлкен дау тудырды. Сион сөзі Иерусалим қаласындағы дәстүрлі еврейлік белгінің атауы секілді. (Тағы бір деректерде «Zion» сөзі Иерусалим қаласының атауы) Осыны дер кезінде аңғарған Иран Ислам Республикасы осы жылдың наурыз айында Лондон Ойындарына бойкот жариялаған болатын. Кей деректерде құбыжық бейнесіндегі осы таңба мен бейнероликті ғаламтордан көрген көптеген адамдар жүйке ауруын шалдыққаны туралы айтылып жүр. Бірақ бұл да нақтыланбаған жайт. Венлок пен Мандевилдің бейнесін британдық «Wolff Olins» брэнд-дизайнерлік фирмасы жасап шығарыпты. Бұл фирманың негізін қалаған адам – еврей жұртынан шыққан Уолли Олинс атты адам. Ол күллі үрім-бұтағы, тұқымымен масон болған көрінеді.

Тағы бір күдік тудырып отырған мәселе – байрақты бәсекенің Англияда өтуі болып тұр. Тұманды альбионды әлемдік деңгейдегі спорт бәсекесін өткізуге құқы бар зайырлы мемлекеттің бірі дегенімізбен ресми Лондон масондық ұйымдардың негізгі ордасы саналады. Аса құпия ложалардың біразы осы елмен тікелей байланысты болып жатады. Оның үстіне бұл бәсеке олимпиадалық есеп бойынша, отызыншы ойын. Әдетте халықаралық стандарт бойынша, бұл реттік нөмiр римдiк цифрмен жазылады. Яғни XXX (Үш икс) болып шығады. Әрбір оқиғадан құпия астар іздейтін мамандар өзге емес дәл отызыншы олимпиаданы өткізу бақытының Англияға бұйыруының өзі кездейсоқтық болмаса керек деп отыр. Кейбір батыстық басылымдар «үш иксті» ібілістің санын білдіретін 666 яғни «үш алтылықтың» құпия бейнеленген нұсқасы деп жазып үлгерді.

Тарихқа үңіліп көрсек, алғашқы кездері олимпиада атты дүбірлі доданың түпкі мақсаты болғанын байқауға болады. Жарыстардың барлығы да бастапқыда спорттық шара емес, Аполлонға, яғни Ібіліске табыну мақсатында жасалған дiни жоралғылары болды. Бүгінде сол секуляризм мен толықтай оккульттік былыққа айналған бұл діни сипаттағы жоралғы тек спорттық ойын ғана емес, әлеуметтік, саяси астары бар оқиға ретінде әлем елдерінің басын қосып келе жатқан әлемдік шараға айналып кеткеніне бір ғасырдан асып барады. Оның үстіне Олимпиадалық қозғалыстың негізін қалаушы Пьер де Кубертен масондық ұйымдардың белді мүшесі болғаны тарихтан белгілі. Осыған қарап, кейбір құпия ұйымдарды зерттеушілердің «Олимпиадалық ойындар ең алдымен, әлемдік ұйым құрудың алғашқы қадамы болды. Олимпиаданың ресми символы – құрлықтар. Эмблемадағы 6 құрлықты сақина етіп, бір-бірімен байланыстыру арқылы әлемдік ұйым құру идеясы шынайы өмірге қадам басты» деген болжамында шындық жатыр ма деген ой келеді. Оларға сенсек, АҚШ долларындағы құпия символдар мен белгілердің символикадан ауысып жаратылыс ретінде көрініс тауып отыр. Яғни турасын айтқанда, Лондон олимпиадасы қарсаңында әлемдік үкімет атты аса құпия ұйым жаңа сатыға қадам басады-мыс!

Оның үстіне Лондон олимпиадасымен Қасиетті Рамазан айының сәйкес келуі де көңілге күдік болып отыр. Бәлкім ұлы жаратушының ислам дініне берік мұсылман елдеріне «бұл бәсекеге бармаңдар!» деген ескертуі болуы мүмкін емес пе? Әрине, ондай жайттан бетін аулақ қылсын дейміз.

Айтпақшы, жақында бір сайт туристерге толы Лондонда үлкен теракты болуы мүмкін деп жорамал жасапты. «Ядролық немесе биологиялық қару пайдаланады. (Адам санасына өзгеріс әкелуі де ғажап емес). Нәтижесінде көптеген құрбандармен Лондонның бір бөлігі зардап шегеді. Сол кезде Тажал пайда болып, ес – түсінен айрылған халыққа қол созады. Оның кереметін көрген халық соңынан ереді… Процестер жалғаса береді…», – депті.
Масон демекші, бұндай құпия белгілердің соңғы кездері Қазақ елінің астанасында да қаптап кеткені айтылып жүр. Ғаламтор бетінен де «Астана – ХХІ ғасырдағы масондық ұйымдардың ордасы» («Астана – масонская столица 21-го века», «Астана – столица Сатаны. Масоны») деп аталатын түрлі бейне-роликтер көбейіп кетті. Оларға сенсек бас қаламыздың көрікті жерлері, әсіресе сол жағалаудың архитехтуралық ерекшелігі әр түрлі ложалар мен массондық ұйымдарға тән құпия символ-свастикалармен «өрнектеліп» жатыр-мыс. Сол жағалауда орналасқан «Самрұқ тауэрс», Ақ орда және Бәйтерек монументі мен Яхин мен Боаз колонналарының ортасында жарқырап тұрған дельтасы бар масон сызбасынан өзара ұқсастық «тауып» шулап жүргендер баршылық. Әрине бұның барлығын да кездейсоқтық деп бағалаймыз. Десе де, қытайдың әйгілі философы Конфуцийдің «Әлемді түбінде сөз бен әділ заң емес, құпия таңбалар мен символдар билейді деген сөзін ескерсек, көңілге кірбің ұялайтыны тағы бар. Көгілдір экранға үңілген жұрттың бәрі біледі. Батыс жұртының «Қара бетперделі Зорро» деген атақты фильмі бар. Сол фильде басты кейіпкер Зорроның өзі жаулап немесе жүріп өткен жеріне көрген жұрттың есін тандыратын «Z» деп белгі соғып кетпейтін бе еді? Бұдан әрине, Алаш даласын масондық ұйымдар жаулап алды деуден аулақпыз. Бірақ, «сақ болыңдар Алаш даласына біз де келіп-кетіп жүрміз!» деген ескертуі мүмкін емес пе екен?

Айтпақшы, тақырыпқа тұздық ретінде төменде бір бейнероликтің сілтемесін сылқитып отырмын. қарап көріңіздер…
Лондон 2012
Әрі қарай

"Халық сөзі" газетінің дөңгелек үстелі

Қазақ интернеті қайтсе дамиды немесе қазақша әлеуметтік желі мен пошта ашуға не кедергі?


Арыға бармай-ақ қоялық, соңғы он шақты жылдың ішінде қазақ интернетін дамытуға қатысты азды-көпті дүниелер жасалды. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сонау 2000 жылдары ғаламтор бетінде тұңғыш рет қазақ тілінде түрен салған «www.massagan.com» сайтынан бері талай дүние оқырманның сұранысын өтеп отырғаны даусыз. Рас болса, біреулер үшін «там-тұм» болса да қазақ контенті виртуалды ұлттық базасы қалыптасып үлгермеген қарашай, балқар, татар, башқұрт секілді аз ұлттарға да «азық» бола бастаған секілді. Яғни, тілі жақын болғандықтан туыстас халықтар қазақ тіліндегі ақпараттарды алып пайдаланып жататын көрінеді. Білген адамға осының өзі үлкен жетістік. Бірақ…
Әрі қарай